Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түлектермен тарқатқан тағылымды тақырып

26.04.2014 3311 0 пікір

Елбасымыз: «Халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр», – демекші қазіргі таңда расында да қоғамда бұл мәселе өзекті мәселелердің бірі.  Дәстүрлі емес діни ағым,  қоғам арасында бүлік салары сөзсіз. Осы себепті де жастарымыздың  діни ағым жетегінде кетпес үшін Сыр өңірінде, үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерімізбен  насихат жұмыстары  қарқынды жүргізіліп келеді.

Соның бірі, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Наурыз мөлтек ауданының №143 қазақ орта мектебінде бітіруші түлектермен кездесу өтті. Кездесуге №215, №218 қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Шарада орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Ұлжаев Бақыт оқушыларға «Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары» деген тақырыпта уағыз айтты. Оқушыларда өз тараптарынан сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алды.

Дәл осындай кездесу қаламыздың №112, №120, №253, №136 қазақ орта мектептерінде жалғасын тапты.

Іс-шаралардың өтуіне қолдау көрсеткен қалалық білім басқармасына үлкен алғыс айтамыз.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігі баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру