ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдары кезекті кездесуде бас қосты.
Кездесу барысында өкіл имам Талғат Омаров облысымыздың діни ахуалына тоқтала келе, имамдардың атқарып жатқан жұмыстары мен іс-шараларына назар аударып, межеленген міндеттердің орындалу барысын әрбір имамнан жеке-жеке сұралды.
Қызылорда өңірінен діни ілімін жетілдіруге кеткен шәкірттерді қайтадан өз облысымызға қайтарып, кадр cаны жеткіліксіз аудандарға қызмет жасау қажеттігі қаралды. Әр имам шағбан және ережеп айының қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру керектігі, атқарылған шаралар баспасөз беттерінде жариялануын қадағалауды, әр имам өз қызметіне жауапкершілікпен қарау керектігін Бас имам қатаң түрде тапсырды.
Өткізілген келелі жиында аудан имамдары атқарылып жатқан шаралары жайында өзара пікір алмасты. Бұл жиынның басым бөлігі мешіттердің жұмысын жақсарту мен имамдардың қызметіне бағытталды. Бір қатар тапсырмалар мен кей имамдарға ескертулер берілді.
Осы және көптеген маңызды тапсырмаларға толы болған бұл кездесу, бұрынғылардан ұзақтау созылып, имамдар арасынан үлкені ақ батасын беріп, аталмыш атқарылатын істердің берекелі болуын тілеп имамдар жиналысы аяқталды.
Алла дін жолымыздағы қызметімізді жақсартып, сауапты істерімізді арттырсын!
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.04.2014
3363
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру