Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлағатты ұстаздан ұрпақ алар тағылым

16.04.2014 3307 0 пікір

Жақында ғана оңтүстік Астана, Алматы қаласында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет, еліміз бойынша ашылған медреселердің директорларын жинап, медреселердегі діни оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру, жаңа талаптар қойып, шәкірттердің білім сапасын жоғарылату мақсатында ұсыныстар қойған болатын.

Аталмыш жиналысқа қатынасып қайтқан, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабев Данияр қары, «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздарымен жиналыс өткізіп, медресенің жетістіктері мен кемшіліктері, даму бағыты жөнінде бірқатар түйіндерді ортаға салды. Алдағы оқу маусымы мен дайындық курсқа шәкірт қабылдау туралы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, медреседегі шәкірттердің араб тілін меңгеруіне жетекшілік етіп, өзінде бар білімін шәкірттерге қалтқысыз арнаған, Мысырдан келген ғылым докторы Юнус Хұсейіннің еңбегін ұстаздар құрамы айрықша ауызға алып, шексіз алғыстарын білдірді. Медресе директорының орынбасары Оразов Исатай медресенің жалпы жағдайын баяндай келе, шәкірттердің сабақ үлгеріміне көмектесіп, тәрбиеші ұстаздық қызметін атқарып жатқан Жұбатқан Жалғастың еңбегін ерекше атап өтті.

Өкіл имам Жұмабаев Данияр қары: «Діни оқу-ағарту жұмысына атсалысып, ұстаздық қызмет атқару оңай жұмыс емес. Діни білім беру адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіруді шарт етеді. Қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты рухани тәрбие беруде. Еліміздегі медреселердің мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік қасиетін сақтауына жол нұсқау, сол себепті жастардың рухани санасының дамуына бағыт көрсетіп, діни сауаты жоғары деңгейдегі мамандық иесі деген атқа лайық шәкірт даярлау үшін, қолға алынып жатқан шаралар бір сәтке баяуламайды. Жылдан-жылға ұстаздарға қойылатын талаптар ауырлап, медреселер арасындағы білім бәсекесі де артады», – деп түсіндірді. Іліммен бәсекеде топ жарып, Отанның мақтанышына айналатын ғалымдардың медреселерімізден түлеп ұшуына тілектеспіз.

Көгедай Шәмерхан

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру