Үстіміздегі жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағаны белгілі. Дінбасының бастамасын басшылыққа алған ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы Асановтың тапсырмасымен облыстық мешіттің жанындағы «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің жетекшісі, наиб имам Досжан Тулувхан мен «Мұса баба» мешітінің бас имамы Тимур Қайдарұлының ұйымдастыруларымен мешіт жамағаттары арасында қазақша күрес, армреслинг (қол күресі), асық ойындары, арқан тарту, футбол сияқты ұлттық спорт ойындарынан Қасым Қайсенов атындағы кенттің спорт сарайында спартакиада болып өтті.
Аталмыш сайысқа облыс орталығындағы және қала маңындағы мешіттердің бас имамдары бастатқан жамағаттары бір кісідей қатысты. Таңертең басталған спорт мерекесі түс ауа мәресіне жетті. Сайыс өте тартысты өтті. Спортшылардың тыңғылықты дайындықпен келгендері ойын барысынан көрініп тұрды. Содан да болар, сайыстың бір түрінен бір команда суырылып алға шықса, енді бірде екінші команда жеңіске жетіп жатты.
Дін мен спортты ұштастырып, демалыс күнін нағыз спорт мерекесіне айналдыра білген жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздарына арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
Аталмыш спартакиаданың өз деңгейінде өтуіне демеушілік жасаған еңбек ардагері Мырзахан Шәкенұлы мен жеке кәсіпкер Қайрат Мусинге ұйымдастырушылар және жарысқа қатысушылар атынан Алла разы болсын дегіміз келеді. Әмин!
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.04.2014
3411
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру