Зеленов ауданы, Рубежка ауылдық мектебінде «Жастар және дін» тақырыбы аясында кездесу болып өтті.
Оған облыстық орталық мешітінің найб имамы, Әл-Азһар Исламтану институытының түлегі Мұратбек Қыстаубаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бекзат Бадақов, аудандық "Ауыл тынысы" газетінің бас редакторы Нұржан Дүзбатыров қатысты.
Кездесуде сөз алған облыстық орталық мешітінің найб имам Мұратбек Мұхтарханұлы: Біздің дініміз жамандықтан қашыратын, жақсылыққа шақыратын, бейбітшілік діні. Бүгінде айрандай ұйыған елімізге іріткі салатын, ата-анасының әзірлеген асын ішпейтін, ағайынмен араласпайтын халге жеттік. Отбасы арасындағы ынтымақты, бірлікті көре алмаған көре алмаушылардың жасайтын әрекеті. Мұндай әрекетке бармау үшін алдымен діни сауатты, білімді ұрпақ болып өсуі керектігін жеткізді. Жиылған көпшілікті ілім алуға, адамгершілікке, ата-ананы сыйлауға шақырды.
Жас ұрпақ үшін мән-маңызы зор кездесуде мамандар оқушылардың сауалдарына мазмұнды жауап берді.
Осындай игі шара Красноармейск, Январчев мектептерінде өз жалғасын тапты.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.04.2014
4327
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру