Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Дін істер агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкиннің төрағалығымен антитерорлық комиссия мен ақпараттық-насихат топ мүшелерінің қатысуымен видеоконференция өтті. Аталмыш жиынға облыстық мешіттің наиб имамы Руслан Қайыргелді қатысты. Кездесуде антитерорлық комиссияның, ақпараттық-насихат топтарының жұмыстары қаралды. Сондай-ақ, аталмыш топтардың бекітілген жұмыс жоспары мен әдістемелік құралы талқыланып, насихат топтардың жұмыс ауқымын кеңейту үшін БАҚ-ты тиімді пайдалану туралы айтылды.
Дін істер агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин ақпараттық-насихат тобы жұмысын жақсарту үшін мамандардың жетіспеушілігін, қаржыландырудың осалдығын баса айтты. Әр облыстың Дін істері басқармаларының өкілдері қатысқан бұл видеоконференция барысында бірнеше мәселелер көтеріліп, талқыланды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.04.2014
3276
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру