Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық - хайырлы іс (ФОТО)

07.04.2014 4252 0 пікір

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің кезекті Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды өмір сүруіне Қазақстанда ешқандай кедергі болмауы тиіс»,-деп қазақ қоғамына үндеу тастап еді. Осыған орай, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет де ел аумағындағы мешіттерге қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру жөнінде арнаулы тапсырма берген болатын.

Осындай ізгі мұраттар аясында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бас имам Жұманазар Садырханов мешіттің мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету жұмыстарын да үнемі қадағалап келеді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті 2 сәуір Астана қаласындағы №36 орта мектепте білім нәрінен сусындап жатқан, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан жеткіншектердің ата-аналарына көмек көрсетті.

Мешіт тарапынан 40 отбасына 5 қойдың етін қамтыған 60 пакет азық-түлік үлестірді, мүмкіндігі шектеулі 1 жасөспірімге жоғары сапалы мүгедектер арбасын сыйға тартты. Осыған қоса, игі шара барысында «Академия» мектепке дейінгі білім беру мекемесі 20 отбасына 20 қорап азық-түлік беруге демеушілік жасады.

Қоғамның мейірін сезініп, жүректеріне қуаныш ұялаған жандардың жанарына жасы іркіліп, жүздеріне күлкі үйірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру