Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғалымдары Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің жамағатымен кездесті. Оған ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, «Иман» журналы бас редакторының орынбасары, исламтанушы-ғалым Сәбит Ибадуллаев, «Нұр Мүбарак» университеті проректорының көмекшісі ғалым Рақымжан Әкімбековтер қатысты. Жамағатпен өткен жылы жүзді жүздесуді «Орбита» мешітінің бас имамы Асан Тілеубердиев жүргізді.
Басқосуға басты себеп – ақида дәрісінен Тахауи кітабы бойынша сабақтың аяқталуы еді. Дәрісті жүргізген – осы мешіттің наиб имамы Асқар Мұқанов. Бас имам А.Тілеубердиев кездесу кешінің мақсаты мен мәнін түсіндіре келе, алғашқы сөзді Сансызбай Құрбанұлына ұсынды. Ол өз сөзінде бұл пәннің маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Жиналған жамағатқа иманды арттырудың жолдары жайлы уағыз айтты. Р.Әкімбеков, С.Ибадуллаевтар намазхандардың сұрақтарына жауап берді. Ақшам мен құптан намаздары арасында өткен тағылымды кездесуде жамағатты толғандырған сұрақтарға тұщымды жауап берілді. Мешітке келушілер бұл бастаманың берер пайдасы мол екенін айтып, мешіт ұжымына алғыс-тілектерін білдірді. Ғалымдармен сұхбаттасуға келген жамағат мешіт ішін лық толтырды.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2014
4168
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру