2014 жылдың 26 наурызында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Білім+» жобасы бойынша Қазақстанда ұлттық ерекшеліктерді сақтауда және жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда имам Ағзам Абу Ханифаның рухани мұрағатының тарихи рөлін ашу мақсатында студенттер мен магистранттар үшін «Ханафиттік мазхаб және Қазақстан үшін оның тарихи рөлі» тақырыбында диалогтық алаң өтті.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО директоры Нұржамал Сағадатқызының және тарих және құқық факультеті Саясаттану мамандығының 2 курс студенті Әділет Мейрмановтың модераторлығымен өткен диалогтық алаңға аталмыш оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары және студенттері, сондай-ақ, Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Д.К. Закарьянов; онлайн режимде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы, теолог, PhD докторы, Е.А. Оңғаров; Машһүр Жүсіп Көпеев атындағы орталық мешіттің наиб-имамы Қ.Қ. Қабаев; Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, исламтанушы, халықаралық қарым-қатынастар магистрі, Н.Е. Каирбеков; С. Торайғыров атындағы ПМУ философия және мәдениеттану кафедрасының доценті, филос.ғ.к. М. Ж. Кожамжарова; «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, тарих мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі, А.А. Мұсағажинова; С. Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО қызметкері Ж.Қ. Бертымуратовтар қатысып, сөз сөйледі.
Магистранттар мен студенттер имам Ағзам Абу Ханифаның ғибратты өмірімен танысып, Орта Азия елдерінің негізгі ислами мектебіне айналған ханафиттік мазхабтың қазақ даласында үстемдік етуінің сыры мен себептері жайлы, Әбу Ханифа салып кеткен сара жолдың өзге ислами мектептерден айырмашылықтары сынды бірқатар маңызды сауалдарына діни саланың жетекші мамандарынан тұшымды жауаптар алды.
Сонымен қатар, алаңға қатысқан азаматтар қазіргі Қазақстанның мәдени-рухани өміріндегі діннің орны мен рөлі туралы, рухани-адамгершілік пен ата дініміз – исламның рухани құндылықтарын сақтап-жандандыруға, оны нығайтып-дамытуға қатысты өз ойларымен бөлісіп, алаңдатып отырған діни мәселелерге қатысты ұсыныстарын жасады.
С. Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.03.2014
4346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру