Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр шашқан әз наурыз!

22.03.2014 3781 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде әйелдер жамағатының ұйымдастыруымен «Нұр-шашқан әз наурыз» атты мерекелік кеш болып өтті.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Ұлыстың ұлы күні саналған Наурыз – түркі жұртының мерейлі мерекесі. Мұсылмандықты бекем ұстанған қазақ халқы бұл күнді ерекше дайындықпен өткізеді. Ақсақалды қариялар, ақ самайлы әже-апалар ақ дастархан жайып, қонақ күтіп, бата береді» - дегеніндей бұл кеште апа-әжелер қатысып, қазақтың тұсау кесер дәстүрі сомдалып, дастархан басында ақ баталарын беріп, әйел шәкірттер дайындаған наурыз көже ұсынылды.

Аталған шарада әуелгі сөзді мешітіміздің бас имамы Омаров Талғат Сейткәрімұлы алып Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтап, келген қонақтарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Кеш барысында келген қонақтарға «Дін мен Дәстүр» кітабы үлестіріліп, кітаптың маңыздылығы мен әр үйдің ынтымақ берекесіне жетелер саралы сөздеріне тоқталып өтті.

Қаламыздағы көптеген жағадайлары нашар тұрғындарға күнделікті ас-тамақтарын дайындап, таратып жүрген «Сыр мейірімі» қорының жетекшісі мен қызметкерлері қатысып, шара соңында осындай кешті ұйымдастырған мешіт әйел жамағаттарына алғысын айта отырып, барлығына ұйытқы болып отырған өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлына алғыс хат ұсынды.

Дәстүріміз бен ынтымағымыздың нышаны болған әз-Наурыздың бүгінгі кеші әсерлі әрі қызықты өтті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру