Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бүгінгі төртінші билік және дін

20.03.2014 4002 0 пікір

Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ҚазИТУ-ның БҒК-нің мәжіліс залында «Халықтың діни сауаттылығын арттырудағы БАҚ-тың рөлі» атты семинар-тренинг болып өтті.

Семинар–тренингтің мақсаты – дін мәселесімен айналысатын облыстың медиа активінің кәсіби деңгейін арттыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың, БАҚ-тың, қоғамның және діни бірлестіктердің өзара байланысын нығайту болып табылады.

Семинар–тренингте облыстық дін істері басқармасының дінтану сараптамасы мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты С.Ғиззатов «Дін саласындағы мәселелерді жариялаудағы ақпараттық саясаттың негізгі аспектілері», Облыстық ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің жетекші А.Масалимова «2014 жылдың І тоқсанында діни тақырыпта жарық көрген баспасөзге шолу», облыстық «Приуралье» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Р.Сыйқова «БАҚ-да діни тақырыпты жариялаудың өзіндік ерекшеліктері», Орал қалалық мешітінің бас имамы А.Тұрлыбеков «Діни бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс мәселелері» атты тақырыптарда баяндама оқыды.

Орал қалалық мешітінің бас имамы А.Тұрлыбеков өз баяндамасында: БАҚ – Діни басқарма мен халықты жақындататын алтын көпір. Олай дейтінім, елімізде он алты миллион адам болса, оларға бір мезет айтқан сөзімізді жеткізетін телеарналар мен радиолар және басылым беттері екені сөзсіз. БАҚ-ның да қосар үлесі мен тигізер әсері орасан зор. Қазіргі  уақытта облыстық «Қазақстан-Орал» телеарнасы,  облыстық радиосы, облыстық «Орал өңірі» газеті, қалалық «Жайық үні» газетімен тығыз байланыстамыз. Асыл дініміз Исламда ілім алудың  өте маңызды екенін жақсы білесіздер. Исламды білімсіз танудың зардаптары да бар. Өзге діни ағымның арбауына кетіп қалудың бірден-бір себебі - дәстүрлі ілімнің, түсініктің жоқтығынан. Шариғаттың сан-салалы ілімін түсінбеген адам өзін де өзгені де адастырады. Сондықтан халқымыздың, болашақ ұрпағымыздың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, ұлттық құндылықтарды, имандылықты  үйретуде бұл телеарналар мен радио, газет-журналдар секілді құралдардың бұл тұрғыдан атқаратын рөлі орасан зор, - деді қалалық мешіттің бас имамы.

Журналистер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, жаңа шешімдер қабылданды.

Аталған игі шараға БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, теологтар қатысты.

 Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру