Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауға РАНТ мүшелері келді

14.03.2014 3788 0 пікір

Ақпараттық насихат тобы Маңғыстау облысына келді. Топ мүшелері Сансызбай Шоқанов пен Серікхан Ахмадиев. Жоспарға сәйкес АНТ мүшелері - облысымыздағы ГМ 172/1-23 және ГМ 172/6-69 жазасын өтеу мекемелерінде, облыстық орталық мешітінде, Мұнайлы аудан мешітінде, Жетібай кентінде, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылдық мешітінде, Жаңаөзен қалалық мешітінде кездесулері өтті. Топ мүшелері Сансызбай Шоқанов пен Серікхан Ахмадиев қалың жұртшылықпен, мешіт жамағатымен, жазасын өтеу мекемесіндегі сотталушылармен және басқа да сала өкілдерімен кездесуде.

АНТ-нің мүшелері дәстүрлі дініміз – Исламның құндылықтарын дәріптеу, жамағаттың діни сауатын арттыру, қалың бұқара арасында ҚМДБ-ның ұстанымдарын насихаттауда. Сонымен қатар ханафи мәзһабының сенім мен фиқһ ұстанымдарын жиылған жамағаттарға тұшымды етіп жеткізуде. АНТ мүшелері өздеріне жүктелген тапсырманы жоғары деңгейде атқара білуде. Мақсат дінімізді дұрыс жеткізу болғандықтан мұндай шаралар үнемі жалғасын таба түсеріне сенімдіміз.

Маңғыстау облыстық ораталық
мешіттің баспасөз хатшылығы

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру