Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағат басы тағы да дастарханда бірікті

03.03.2014 4399 0 пікір

28 ақпан күні құптан намазынан соң ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен атыраулық жамағаттар үшін дастархан жайылды. Дастархан қонағы болып Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Мұқан арнайы келді. Алғаш сөз алған Бас имам, келген қонақтарға қош келдің айтып, осы дастарханның кеңінен жайылу мақсатын да түсіндіріп өтті:

 

«Біз осында басымызды біріктіріп, жүздесіп, жаратушымыз Алла тағаланы еске алып, дініміз Исламды дұрыс насихаттау үшін жиналып отырмыз. Себебі, мұндай басқосулар иманымызды, ауызбірлігімізді арттыратыны сөзсіз. Бізге қазір үй ішінен үй тіккен жамағат емес, ынтымағымыз бен бірлігімізді сақтайтын жамағат керек», – деді.

Сол сияқты облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан сөз кезегінде, еліміздің тыныштығын сақтау жолында, ағайынның бірлігін нығайтуда осындай бас қосулардың өзіндік пайдасы зор екенін айтып өтті.

Ал теолог маман Қанат Жұмағұлов ұлық имам Әбу Ханифаның ғұмыр-деректері жайында уағыз айтып, жиын соңында ас қайырылды.   

Әрине  осындай үлкен шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып жататынына еш шүбәміз жоқ, осындай игі-істерді қолға алып, жүзеге асырып отырған бас имам Б.Берденұлы мен басқа да мешіт қызметкерлеріне Алла разы болсын дегіміз келеді.

Атырау қаласы, «Иманғали»
орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру