Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аяулы жандарды – аялайық!

27.02.2014 3605 0 пікір

Бала – тең құқылы тұлға. Ақыл – ойы кем дамыған балалар да қоғамда емін-еркін сезініп, медициналық, қайырымдылық т.б көмек алуға құқылы. Осы ретте  ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі,  «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы 26 ақпан күні Атырау облыстық ақыл – ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйіне барып зиярат етті.

Интернат директоры З.Г.Хисметуллаевна өкіл имамды қабылдап, алдағы қайырымдылық жоспарларымен де бөлісті. Сонымен қатар өкіл имамды жаңадан қызметке тағайындалуымен құттықтап, интернат тынысымен де таныстырды. Өзгеге қайырымдылық жасауды  басшылыққа ала жүретін өкіл имам,  алдағы уақытта мешіт атынан көмек көрсетіліп тұратынын  тілге тиек етіп, мүгедек жандарға арналған орындық – арбаны сыйлады. Балалардың тағдырына қарап жүрегің сыздайтын кемтар болған оларға Б.Берденұлы Алла тағала шипасын беруін тілеп, дұғасын жасады.

                                                                        «Иманғали» орталық мешітінің
Баспасөз қызметі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру