ҚМДБ-ның имамдарға берген үш тапсырмасының бірі қайырымдылық көмекті әр дайым жасап тұруды тапсырған болатын. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат қала мұсылманадары атынан қаламыздағы мүгедек Әсия апайымызға, көп балалы жалғыз басты ана Айша қарындасымызға және көп балалы отбасы Тоқтар бауырларымызға Алла ризалығы үшін көмек көрсетілді.
Өкіл имам өз сөзінде қайырымдылық көмекке девалвация кедергі бола алмайды деп пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с ның мына хадисін тілге тиек етті: «Мұсылманның ісі қандай ғажап Алла тағала басқаларға бермеген екі жақсылықты мұсылмандарға берді оның бірі сабырлық екінші шүкіршілік» - егер мұсылман баласының басына қуаныш келсе ол оған шүкірлік етсе Алла тағала қайырын береді. Екінші мұсылман баласына қиындық келсе оған сабыр етсе Алла тағала қайырын береді. Молшылықта Аллаға шүкіршілік етіп жоқшылықта сабырлық ету керектігін айтып өтті. Көмек көрсетілген кісілер өкіл имамға ризашылықтарын білдіріп алғыстарын айтты.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.02.2014
3539
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру