Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Орбита» мешіті: қарттарға жасалған қамқорлық

04.02.2014 3814 0 пікір

Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің ұжымы Мәуліт мерекесіне орай қарттардың басын қосып, дастархан жайды.Ардагерлер үйінен келген қарияларға бас имам Асан Тілеубердиев уағыз-насихат айтты. «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде қарт адамдардың жанында береке бар екені айтылған. Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету дініміз бен дәстүрімізде бар асыл құндылықтар. Егер жастарымыз осындай асыл құндылықтарды бойына сіңірсе, онда қоғам түзеліп, иманды ұрпақ қалыптасады. Алла тағала баршамызды пайғамбармыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сай өмір сүруді нәсіп еткей», – деп дұға жасады бас имам Асан Тілеубердиев.Сонымен қатар «Орбита» мешітінде салауат оқылып, бүлдіршіндер арасында сайыс өткізілді. Мешіт ұстаздары бастамашыл болған жарыстың мақсаты – балаларға пайғамбарды (с.ғ.с) таныту, оның өнегелі өмірін насихаттау.Мәуліт мерекесіне келген қонақтарға сый-сыяпат жасалды. Сондай-ақ мұқтаж жандарға мешіт тарапынан қаржылық көмек көрсетілді.

«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі       

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру