Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен, мешіт-медреселерге «Мұғалім сәни» кітабын тарату жобасы қолға алынды. Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Жаримбетов Мұхит «Құран оқудың артықшылығы» тақырыбында уағыз айтты. Кейін жұма намазынан соң, келген жамағатқа «Мұғалім сәни» кітабы үлестірілді. Кітапша араб тіліне бастапқы қадам жасаған бастаушылар мен Құранды мәнерлеп оқуды үйренем деушілерге тәжуидтің негізгі қағидалары мен ұғымдарын ашатынына нық сенімдеміз.
Алланның рақымына бөленіп, үмбеттің абзалына айналам деушілерге бұл кітапша ілім жолының бастауы болады деген үміттеміз.
Қарағанды облыстық орталық
мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.02.2014
10680
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру