Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр Астана мешітіне өкіл келді

24.01.2014 3720 0 пікір

Еліміздің жүрегі Астана қаласына сапарлап келген Халықаралық тхэквондо ұйымының өкілі Ил Хан На мен бапкерлері қаңтардың 23-күні «Нұр Астана» орталық мешітіне арнайы ат басын бұрды. Аталған қонақты ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов қарсы алды.

«Нұр Астана» орталық мешіті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен салынып, ел иігілігіне берілгенін, ішкі сыйымдылығы мен оның ішіндегі әрбір бөлігін жеке-дара таныстырып өтті. Сондай-ақ,  бас имам мешіттің михрабында ілулі тұрған қасиетті Қағбадан келген қисуаның тарихына да тоқталып, еліміздің басшысы Н.Назарбаевтың 1994 жылы Сауд Арабияға арнайы жасаған сапарында сол елдің әмірі Фаһд бин Әбдел Азиз сыйға тартқанқандығын әңгімеледі. Сөз арасында ислам дінінің бейбітшілікке, татулыққа шақыратын дін екеніне тоқталып, діннің тірегі болған намазды да түсіндіріп берді.

Аталмыш ұйымының өкілі Ил Хан На бас имам Н.Тағанұлынан бірге намаз оқуды өтініп, мешітке деген құрметін көрсетіп, екі рәкағат намаз оқып маңдайын сәждеге қойды.

Келген қонақты құрметтеу дінімізде де, дәстүріміз де қалыптасқан жақсы үрдіс екені сөзсіз. Өйткені, Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Бір-бірлеріңізге сый-сияпат жасаңыздар. Араларыңыздағы сүйіспеншіліктеріңіз артады», - деген.

Міне, Алла үйін зияраттай келген Ил-Хан Наға Наурызбай қажы Өтпенов мешіт атынан электронды Құран Кәрім мен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабын сыйға тартты.  

Ил Хан На да мешіт атынан көрсетілген сыйды ықыласпен қабыл алып,  бас имам Н.Тағанұлына ризашылығы мен алғысын білдірді. Қазақ-кәріс халқының арасындағы бауырластықтың берік екендігін айтып өткен қадірлі қонақ жанұясының атынан елімізге бақ-береке тілеп, өзінің қолтаңбасын қалдырды.

«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру