Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имам-молдалар екі ай білімдерін шыңдайтын болды

16.01.2014 4648 0 пікір

Үстіміздегі 2014 жыл ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансуровтың бастамасымен оқу-ағартушылықпен басталды. Бас имам өз жүгін арқалап, ислам дінінің шынайы өз дәрежесін, өзіндік сұлулығын халыққа жеткізе білуді алдына мақсат етіп, қазір сол еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыр.

Мәселен,  қалалық және аудан-ауылдардың имам-молдаларын «Иманғали» орталық мешітіне қарасты медресеге арнайы 2 айлық курстан өткізуді,  яғни оқу-ағарту бойынша білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасуды жоспарлап жуырда қолға алған еді. Осыған орай 13 қаңтар-дүйсенбіден бастап  барлық аудан, ауыл имам-молдалары  сабақ алуды бастады. Бұндағы негізгі мақсат имам-молдалардың білімдерін жетілдіру, тәжірибе алмастыру болып отыр.

Имам-молдаларға Бас имам Б.Мансуров өзінен бастап, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамдары Нұрлан Рамазанов, теолог Ерсін Әмре,  «Құспан молла» мешітінің наиб имамы, теолог Ерғали Алпысбаев, «Әттақуа» мешітінің наиб имамы Жұмағұлов Қанат,  «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Абзал Түктібаев пен Салауат Мажитов, Медет Ашабай т.б мамандарымен  ұстаздық етпек. Медреседе жататын орын,  ішетін тамағы, кітапхана, интернет желісі сияқты т.б қажетті жағдайлар жасалынып отыр.

Әрине келіп отырған имам-молдалардың сауат ашып, білімдерін жетілдіруі көпшілікті қуантатын игі іс. Себебі ислам дінінің атынан халықпен жұмыс жасайтын осы мамандар болғандықтан ондағы өз саласы бойынша білім алып, қабілеттерін шыңдауындағы пайдасы ұшан теңіз екені анық. Өйткені имам молдалардың білім, қабілеттерін шыңдау, сол жолда тынбай еңбек ету, әрдайым ізденісте болу - қазіргі заманның талабы болмақ.

                                                                       

 «Иманғали» орталық мешітінің

   баспасөз қызметі.

  С.Маратұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру