Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде мәуліт өтті

14.01.2014 5697 0 пікір

Маңғыстау облысы бойынша алғашқы болып Ақтау қалалық Бекет ата мешіті мәуліт мерекесін атап өтті.  Игі шараға мешіт имамдары мен «Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының» басшысы Есбергенов Ерлан Жұмажанұлы, МО Дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Иса Есенәлі Жарылқасынұлы  қатысты.  Жиналған жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтаған Ақтау қалалық мешітінің бас имамы Дүйсен Хосниязов  екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) құрметіне арналған шараның тәлім -тәрбиелік тұрғыдан маңызы зор екендігін айтты. «Мәулітке құрмет –пайғамбарға (с.а.с) құрмет, пайғамбарға (с.а.с) құрмет – дінге құрмет. Үлкенді ізеттеу, кішіні сыйлау – біздің пайғамбарымыздан(с.а.с) қалған ғибрат еді.  Пайғамбарымыздың (с.а.с.)  асыл қазыналарын келер ұрпақ білуге тиіс»,- деді Ақтау қалалық мешітінің бас имамы Д.Хосниязов.

Мұнан кейін сөз алған «Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының» басшысы Есбергенов Ерлан Жұмажанұлы мәуліттің берер пайдасы мен өнегелі тұстарын әңгіме етті. «Кейбір діндес бауырларымыз айтып жүргендей мәуліт тойлау бидағат емес. Керсінше жастарға пайғамбар өмірінің өнегеге толы беттерін, оның ізгі амалдарын таныстыруымыз керек, Пайғамбар бейнесі әр жастың көкейінде биік адамгершілік сипатымен еске алынуы тиіс. Мәулітті тойлау арқылы біз өзіміздің дінімізге құрмет білдіреміз»,-деді Ерлан  Жұмажанұлы. Басқарма басшысының айтуынша, облыстағы барлық мешіттер мен  дәстүрлі дін өкілдеріне әкімшілік тарапынан көмек, қажетті қолдау көрсетіліп отыр. Алдағы уақытта да қолдау істері жалғасын таппақ.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің найб имамы Ахлиддин Асқар Құран оқып, мешіт ақсақалдарының үлкені бата жасады. Жиналған жамағатқа ас беріліп, отырыста пайғамбарымыздың өмір тарихынан үлгілі істері айтылды.  Мәуліт оқылып, дұға жасалды.

Дінге жанашыр ел азаматтары мен БАҚ өкілдері қатысқан шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған түрде өтті.  

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру