Біз ғұмыр кешіп жатқан бүгінгі ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялар кезеңі. Шындығында күн сайын технологиялар жаңарып, кешегі шыққан дүниелерді ығыстырып бағуда. Алайда ғылым дамыған кезде исламның насихатталуы қарқын алары ақиқат. Себебі, ислам ғылымға негізделген, іліммен ұштасқан дін.
Міне, жаңа технологиялардың мүмкіншілігін пайдалана білу бүгінгі күннің уақыт талабы. Осыған орай ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов бүгінгі технологиялардың мүмкіндігін ескеріп, асыл дініміз исламды насихаттау жолында пайдалана білу керектігін алға тартқан болатын.
Бас имамның бастамасына орай демеушілердің көмегімен үлкен көлемді бірнеше теледидар алынып, арнайы мамандардың көмегімен «Нұр Астана» орталық мешітіне орналастырылды. Алдағы уақытта осы қос экраннан мешітке келуші жамағат үшін күнделікті аят-хадистер, бейне роликтер, ғибраты мол сөздер беріліп тұратын болады.
Бүгінде мешітке келуші ағайындар экраннан беріліп жатқан құнды дүниелерді тыңдап, игі бастаманың жемісіне өз ризашылықтарын білдірісуде.
Мұнымен қоса атқарылған игі істердің тағы бірі орталық мешіттің кіреберісіне, намазжайға, дәретханаға, өзге де орындарына бейне-бақылау камералары орнатылды.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.01.2014
3895
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру