Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде іске қосылған онлайн жүйесіндегі сабақ Алматы орталық мешітінде тыңдалды. Білікті мамандардан дәріс тыңдауға еліміздің 19 аймағындағы мешіт пен медреселер қосылды.
Имамдардың білімін жетілдіруге арналған бұл онлайн дәріске Алматы қалалық мешіттерінің имамдары шақырылды. Елімізде алғаш өтіп отырған онлайн сабақты «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсат Қайырғалиев жүргізді. Сабақ Ислам дініндегі Ханафи мазхабының негізгі дәлелдері жайлы болды. Енді осындай дәрістер аптасына 3 рет өткізіліп отырмақ.
Әсет БЕКТҰР,
Алматы орталық мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.12.2013
4327
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру