Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлын Жетісу жеріне қарасты барлық елді-мекендерді аралап, мешіттердің, имамдардың жағдайларымен танысу мақсатындағы сапарын Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарында жалғастырды. Сапардың сәттілігі сонда, бір сапар төрт келелі істі қамтыды.
Біріншіден: Талдықорған өңірі бойынша имамдардың білімін арттыру және уағыз айту біліктіліктерін көтеру мақсатында әр ауданда үш күннен болып, ауыл имамдарымен оқу семинарын өткізді. Семинарда: Ақида, шариғат негіздері, құран, құранның дұрыс оқылу ережелері, дағуат негіздері пәндері болып өтті. Семинар соңында білімдерін шындаған имамдарға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Екіншіден: Жергілікті халықпен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтсақ аудандық М.Мыңбаев атындағы мектеп интернатымен Үшарал қалалық мектеп гимназияда жастарға ислам діні – мейірімділік пен татулыққа шақыратын, елді тек қана бірлік пен ынтымаққа жүгіндіретін ақиқат дін екенін түсіндіріп азда болсын жастардың жүрегіне саулелі ой салып бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, жастарға діннің адамзат өмірінде алатын орны мен тәрбиелік мәні жайында уағыздар айтылды. Түстен кейін 4098 жаяу әскер бөлімі, сарбаздардың қатысуымен «Отанды қорғау иманнан» атты тақырыпта ауқымды кездесу өтті. Насихат топ мүшелері Ислам дінінің бейбітшілікпен ынтымаққа үндейтінін жеткізіп, және жиналған қауымның көкейдегі сұрақтарына тұжырымды жауаптар берді. Сондай-ақ, әр аудандағы оқу орындары мен басқада жиырмадан астам басқосуларда болды. Сонымен қатар мешіттерді аралап бесін, екінті, ақшам, құптан, жұма намаздарында жамағаттармен кездесіп исламның құндылықтарын түсіндіріп, әртүрлі ағымдардан аулақ болу турасында насихат жасалынды. Шалғайдағы шекара аймағында орналасқан «Достық» кентіне де ат басын бұрып, ол жерде құрамында мың адам қызымет атқаратын «ДС» директорлық мекемесінде үлкен кездесуде болды. Достық жергілікті мешіт жамағаттарын ұйымдастырып, олардың арасында, құран, шариғат және де спорттық ойын жарыстары болып, жамағаттардың жүрегіне ұмытылмас қуаныш сыйлап қайтты.
Үшіншіден: Өкіл имам, үш аудандағы ҚМДБ-ның филиалы болып табылатын барлық мешіттерді аралап, олардың тыныс тіршілігімен танысты. Атап айтсақ мешіт жерінің, ғимаратына қатысты толық құжаттарының болуы, жергілікті намаз уақтының кесетесі, мешітті жылыту жүйесінің жұмыс жасауы, мешіттің ішкі және сыртқы тазалығы, діни сауат ашу курс сыныбымен танысып әр аудан, қала, кент, ауылдардан еліміздегі «Нұр-мүбәрак университетімен діни медреселерге шәкірттер жіберуін және әр имамның кем дегенде бес шәкіртінің болуын талап қылып, ерінбей еңбек еткен имамдарға арнайы сый ақы берлетінін, сонымен қатар шипажайларға тегін жіберілетіндігі сияқты ізгіліктердің болатындығын ескертті.
Төртіншіден: ҚМДБ-ның Талдықорған өңірлік зекет қорының өкіліде бұл сапарда бірге болып, зекет бес парыздың бірі екенін кеңінен мәдениетті түрде насихаттау барсында, әкімнен бастап әл-ауқаты бар кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырды. Кездесуде өкіл имам арнайы жиналған жұртшылыққа зекеттің пайдалары мен оның ел үшін атқарылар ұлағатты істерде тигізер пайдасының көп екендігін атап айтты. Зекет қоры өкілі Сарымолдаев Серік өз сөзінде ҚМДБ зекет қорының атқарылып жатқан іс – шаралары мен халықты таныстырып, ресми хаттарын табыс етті.
Осындай ауқымды шара Жетісу жерінде жылына 3-рет семинарлар өткізіп, жергілігті уағыз насихат тобы ауыл аймақты аралап насихат жасап тұру жоспарға қойылып отыр. Осылайша аз ғана уақыттың ішінде Жетісу жеріне қарасты ауыл, аудан, қала имадарының барлығы дерлік білімдерін шыңдау семинарынан өтіп, дін жолында деген қызыметтің жауапкершілігін түсінген түрде елдеріне тарасты.
ҚМДБ Талдықорған өңірінің
баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.12.2013
4016
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру