Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АНТ мүшелерінің жұмысы жалғасын табуда

21.11.2013 4212 0 пікір

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанынан құрылған Ақпараттық насихат тобының Астанадағы жұмысы күн санап жалғасуда. Аталған топтың мүшелері 19-қараша күні Оралхан Сейдманов (Алматы қалалық орталық мешітінің найб имамы, «Нұр» Қазақ-Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты) және Жасұлан Жүсіпбеков («Нұр» Қазақ-Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы) түс ауа «Жастар» сарайында болып, Астана қалалық ІІД Әкімшілік полициясы, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс инспекторларымен кездесті.

Аталмыш шараға «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов, Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дәуренов және «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, дінтану магистрі Мақсатбек Қайырғалиев та болды.

Кездесуде ислам атын жамылып, ел арасына іріткі салып жүрген топтардың зияндылығы АНТ мүшелері тарапынан егжей-тегжейлі түсіндірілді. Жиында аталмыш сала мамандары өздерін мазалаған сауалдарын да қоя алды. Әрбір сауалға жауапкершілікпен қараған дін мамандары өмірлік мысалдармен түсіндіріп те берді.

Осы күні құптан намазынан кейін «Нұр» Қазақ-Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ж.Жүсіпбеков «Нұр Астана» орталық мешітінің жамағатымен жүдесіп, саф ислам мен жат ағымның арасындағы айырмашылықтарды айтып берді. Сондай-ақ, Алматы қалалық мешітінің найб имамы О.Сейдманов «Әзірет Сұлтан мешітінде болып, құптан намазына жиналған жамағатқа уғыз-насихат жасады. 

20-қараша. АНТ-нің мүшелері Ақмола гарнизонына қарасты әскери бөлімдерінде болып, ондағы тәрбие ісі меңгерушілері және идеологиялық жұмысқа жауапты мамандармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жасады. Астана қаласындағы № 50 мектепке де арнайы барған, Ақпараттық насихат тобы дінтану пәнінің мұғалімдері және тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілермен кездесу өткізді.

«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру