Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан Агро-Техникалық Университетінің дәрісханасында ҚМДБ–ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық үгіт-насихат тобының мүшесі, дінтанушы Рүстем Сыздықов пен облыстың бас имамы Руслан Султанов пен ғалым ұстаздар мен студенттер кездесті.
Кездесуге келген қонақтарды аталмыш оқу орнының Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Сұлтанов Ақылбек таныстырды.
Шараның мақсаты діни экстремизм, радикализм және террозимнің алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдардың ықпалынан студенттерді сақтандыру аясында сөз өрбіді.
Кездесуде сөз алған ҚМДБ–ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық үгіт-насихат тобының мүшесі, дінтанушы Рүстем Сыздықов:
-Қазақ халқы қаншама аумалы-төкпелі замандарды, небір нәубеттерге душар еткен бодандық һәм атеистік кезеңдерді бастан өткерді. Аллаһ Тағалаға сансыз шүкір, «мың өліп, мың тірілген» ұлтымыз тәуелсіздікке қолы жетіп, ата-баба дінімен қайта қауышты. Қазір мешіттеріміз жамағатқа лықа толы. Бүгінгі таңда еліміздің дін, діл, тіл, тарих, салт-дәстүр бірлігі ұлт пен мемлекет қауіпсіздігінің кепілдігі екенін Елбасымыз жағы жар, тілі кез болып, жанайқайымен санамызға сіңіруде. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ елі оңтүстігі мен батысы сонау 8 ғасырда Түргеш қағанаты кезінде Абу Музахим-«Сүзгіш» Сұлық қаған, орталық, солтүстік және шығысы 13 ғасырда Алтын Орда мемлекетінің ұлы хандарының бірі – Береке хан тұсында, соңғы хақ Ислам дінін, оның ішіндегі сүннет жолындағы Әбу Ханифа мәзһабын (әлемдегі барша мұсылмандардың 70-ке жуық пайызы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады) қабылдаған еді. Қазақ халқы 40-тан астам руға, жүздерге, бай-кедейлерге бөлінсе де, бірақ ешқашан дінде, оның ішінде ең маңызды сұрақта, яғни, Алланың затына (есім сипаттарына) қатысты ілімде, сенімде (ақидада, Аллаһты танып-білуде) бөлінген емес, қырық пышақ болып таласқан емес. Демек, ұлт бірлігіне келетін болсақ, 40-тан астам рудан тұратын қазақ халқы ел басына күн туған аласапыран замандарда бір тудың астына бір атаның баласындай тізе қосып, сырттан, іштен шыққан небір қаскөй жауларға табанды түрде төтеп беріп отырған. Себебі, негізгі діни мәселелерде қазақ халқының көзқарасы бір еді, біртұтас еді. Әйтсе де, кейде асыл дінімізді әр-саққа жүгіртіп, түрлі пікір туғызып, ұлтымыздың Әбу Ханифа мазхәбына, қазақтың біртуартұлғаларының (Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Міржақып, Халиф Алтай т.б.) діни туындыларына, Елбасы сенім білдірген мүфтияттың (ҚМДБ) фатуаларына қайшы келетін өз көзқарастарын халыққа таратуға тырысқан базбір деструктивті діни топтар кейінгі уақыттары ел ішінде қылаң беріп қалуда. Тіпті. санасы сынық, талғамы таяз сырт мемлекеттердегі (Саудия, Мысыр, Пакистан т.б.) күмәнды «шейхтардан» жасырын сабақ алып келген жастарымыз бен оларға жан-жақты (әкімшілік,материалдық,техникалық) қолдау білдіріп, қормалдық танытып жүрген биліктегі кейбір елге танымал азаматтар жоқ емес.Өкінішке орай, елге танымал биліктегі кейбір азаматтар мен өздерін «шейх» (білімді) санайтын, жоғарғы діни оқу орындарын толық бітірмеген, шетелге психологиясы әлі қалыптасып үлгермеген шағында, оң мен солын ажырата алмайтын жасында оқуға кетіп, кейіннен сол елдердегі түрлі деструктивті топтардың ықпалына түсіп қалып жатқан жастардан құралған деструктивтік ағымдардың (бұдан әрі қарай ағымдар) жеке отырыстарда, дастарқан басында, ел арасында таратып жүрген сандырақтары мынадай: «Қазақ халқы надан болған, Ислам дінін білмеген, ақидада, яғни, Аллаһты танып-білуде адасқан, біздің ата-бабаларымыздың жасағандары тек ширк (Аллаға серік қосу), аруаққа табынған», - деп ұлттың бетке ұстар жайсаңдарын: Алтын Орда мемлекеті хандарын, қоғам қайраткерлерін, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Міржақып Дулатұлы, Халифа Алтай, ресми ҚМДБ-ның өкілдерін, білімді, ұлтжанды имамдарды «адасқан-лаққан» таза таухидты білмеген, мүшрик (көп құдайға табынушылық) болған, «нағыз» «таза» Ислами дұрыс сенімді - таухидті бізге, яғни қазақтарға тек 1995 жылдары ғана Сауд Корольдігіден уаххабтар-сәләфилер әкелді деп көкігендерін көргенде, ызаға оранып, намысқа буынып қаласың,-деген сөздерімен жастарды өзіңе баурап алды. Білімді шәкірттер дінтанушы маманға көп сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар тапты.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.11.2013
3521
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру