Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 24.04.2026 67 0 пікір
Қостанай: Дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолға алған игі бастамалардың бірі – тазалықты сақтау және қоршаған ортаны көркейту. Осы игі үрдіс аясында Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің аумағында дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды. Биылғы сәуір айындағы тазалық шарасы еліміз бойынша жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті.

Іс-шара барысында мешіт қызметкерлері аула тазалығына белсене атсалысты. Атап айтқанда, ағаш отырғызу, гүл егу, қоршауларды сырлау және аумақты ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ бұл игі бастамаға облысқа қарасты аудан және қала мешіттерінің дін қызметкерлері де бір кісідей жұмыла қатысты.

«Тазалық – иманның жартысы» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, туған жердің көркеюіне үлес қосу – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру