«Орал» облыстық орталық мешітте аудан және ауыл имамдарына арналған бір апталық діни сауатты жетілдіру діни семинар басталғанын хабарлаған болатынбыз.
Семинарға ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық тобының мүшесі, Е.Бөкетов атындағы ҚМУ-нің магистранты, дінтанушы Сыздықов Рүстем, «Орал» медресесінің ұстаздары мен облыстық мешіттің имамдары дәріс берді.
Сол семинарға елуден астам имамдар мен молдалар қатысты. Сондай-ақ діни семинар барысында дін иелері тек қасиетті Құран-Кәрімнің негіздерін, араб тілін меңгеріп қоймай, психология және риториканы да оқып үйретті. Барлық имамдар мен молдаларға ҚМБД-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султанов сертификатты табыстады.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.11.2013
3530
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру