Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Біліктікті шыңдайтын, сәтті семинар

15.11.2013 4120 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы бас мүфти  Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің болашақта Қазақстанның әр бір мешітінде сауатты да салмақты имамдар қызмет ету керектігін ерекше тапсырған болатын, сол тапсырманың аясында Талдықорған өңірі бойынша қараша айының 9 – 13 аралығында  имамдардың білімін арттыру және уағыз айту біліктіліктерін көтеру барысында барлық аудан, қала имамдарының бес күндік семинары болып өтті. Семинарда: Ақида, шариғат негіздері, құран, құранның дұрыс оқылу ережелері, сонымен қатар имамдардың мақсат мұраттарын айқындап беретін, уағыз айтуы мен мойнына жүктелген жүктің ауырлығын еске салып, қоғамдағы рөлін танытатын, дағуат негіздері пәндері болып өтті.

Имамдардың бұл семинардан түйгені, тақуалықтың ең маңызды әрі Алланың алдында да сол арқылы дәрежесінің жоғарлайтындығын, сондай-ақ осындай оқу семинарлардың жиі болып тұруларын тілеген бойда елдеріне тарасты.

Алдағы уақытта, Талдықорған өңіріне қарасты имам, молдалардың барлығын толығымен оқу семинардан өткізіп, біліктіліктері мен білімдерін шыңдап алу жоспарлануда.

Білікті де білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты имам еліміздің болашағы. Қоғамның мүлтіксіз болып құрлуына ат салысатын имадарымыз көп болсын!

 

Талдықорған өңірі,
«Нұр» орталық мешітінің
баспасөз қызыметі  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру