Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зағип жандардың жанынан табылды

15.11.2013 3767 0 пікір

ОҚО, Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға дініміз Исламның асыл құндылықтарын таныту, таным-түсініктерін кеңейту мақсатында 10 күндік дәріс жүргізілді.

Бұл шараға 20 жуық ер-әйелдер қатысты. Олар қос жанарынан айылудың дінді үйренуге кедергі келтірмейтінін дәлелдеп, осындай ерекше ықыластарымен дені сау бола тұра, діннің амал-шарттарын орындауға құлықсыз болып келетін жандарға үлгі көрсете білді. Зағип жандарға «Нұр» мешітінің найб имамы Иманалиев Такен, азаншы Мухуддинов Салахиддин, ал әйел кісілерге мешіттің ұстазы Жазира Камаева дәріс оқыды. Ол кісілердің тұрақты түрде дәріске қатысуы үшін аудандық аппарат басшысы Бекмұрзаев Сейіт мырза арнайы көлікпен қамтамасыз етті.

Дәрістің бітуі зағип жандардың мерекесіне тура келгендіктен олар үшін арнайы дастархан жайылып, мешіт тарапынан арнайы сыйлықтар таратылды. Мерекеге жергілікті Шымкент телеарнасының журналистері келіп, зағип жандардан сұхбат алды. Олар осындай игілікті іске мұрындық болған азаматтарға алғыстарын білдіріп, өздерінің ұмыт қалмағандарына ерекше қуанып, көңілдегі ақ тілектерін айтып тарқасты.   

ОҚО, Төлеби аудандық «Нұр»
мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру