Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала имамдары білім жетілдіру семинарында

12.11.2013 3818 0 пікір

Еліміздегі кейбір жастарымыздың діни наным-сенімге деген еркіндікті өз мәнінде түсінбей, адасқан ағымдардың ықпалына түсіп қалуы жиі кездесетін қазіргі қоғамда дәстүрлі Ислам жолындағы діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін мәселе екендігі белгілі. Осы орайда Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешітінде Сырдария ауданына қарасты ауыл мен қалалық мешіттердің имамдары арнайы өткізіліп жатқан 1 айлық діни білім жетілдіру семинарында дәріс алуда.

Аллаһ жолындағы қызметтері бір болғанмен, әрқайсысы әртүрлі ауыл-аймақтан келген имамдар семинар барысында оқып қана қоймай бір-бірімен етене танысып, тәжірибе алмасты.

Осы орайда дәріс беріп жатқан «Әл-Азқар» университетінің Исламтану факультеті бойынша білім алған Жамиев Мейрамбек Есенбайұлымен сабақ барысы жөнінде пікірін білген болатынбыз.

Мейрамбек аға, жалпы оқу барысы қалай өтіп жатыр?

- Имамдардың діни білім жетілдіру семинары жақсы деңгейде өтуде. Сабақ Шейх Әсъад Мухаммад Саид ас-Сағұрджийдің «Ханафи мазһабының фиқһы және оның дәлелдері» және «Аятуль ахкам фи тәфсири әл-Құран» атты кітаптарынан дәріс берудемін. Сабақ тақырыптары күнделікті жағдайларда кездесетін мәселелерді қамтығандықтан имамдарға қызықты әрі қызу талқыға салумен өтілуде. Қорыта айтқанда семинарға қатысушы имамдардың білім алуға деген құштарлықтары өте жоғары деңгейде.

Дәріс алып жатқан имамдар семинар басталғалы біршама тың мәселелерге қанықты. «Бесіктен қабірге дейін ілім ізде» деп ардақты Пайғамбарымыздың хадисінде айтылғандай біліммен тәжірибе арттыратын осындай пайдасы зор семинар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі
орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің 
баспасөз хатшысы Ескендір Әсел

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру