Жезқазған аймағы бойынша қалалық әкімшіліктің қолдауымен Мысыр елінен келген қонағымыз Әл-Азхар университетінің ұстазы, доктор Хамдулла Хафиз Мұхаммед және өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы бастап халықтың діни сауатын арттыруда көптеген кездесулер өткізді.
Жезқазған қаласы орталығында орналасқан «Нұр Отан» ХДП бас ғимаратындағы мәжіліс залында қала ардагерлері, білім саласының қызметкерлері, мектеп директорлары, дінтану пәнінің оқытушылары, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналары жиналған үлкен кездесу өткізілді. Бұл жиынды қала әкімінің орынбасары Аханов Бейбіт Мұзарафұлы бастап, келген қонақтарды жиналған халыққа таныстырды. Сөз кезегі доктор Хамдуллах ұстазға берілгенде: -«Қай кездесуге барсам да Ислам дінінің негіздері мен талаптарын айта келе, бірінші кезекте қозғалатын мәселе Сирия мемлекетіндегі саяси жағдай, «Уахабилік» ағымның зияндығы және «Джихат» мәселесі жайында», — екенін алға тартты. Кездесу барысында егеменді еліміздің ауызбіршілігі, уахабилік-сәләфилік ағымдардың қоғамға кері әсерлері, ата-ананы құрметтеу, ізеттілік, имандылық және басқа да тақырыптар жөнінде кеңінен айтылды. Үш жүзден астам кісі жиналған залда халықтың сауалдарынан діни мағлұмат ауға деген құлшыныс ниеттері байқалды. Тартымды өткен басқосуға жиналған қала тұрғындары белсене ат салысып, дін төңірегінде туындаған түрлі сауалдарына қадірлі қонақтар тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алынды.
Осы күні түстен кейін сағ.15:00-де Жезқазған қаласы 159/25 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесу өткізілді. Жеке-жеке өткен кездесуде мазхаб ұстанудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар Отан қорғау, Егеменді еліміздің бейбітшілігін бағалау және денсаулық Алланың аманаты жайында уағыз-насихат айтылды. Дін мамандары өз кезегінде бұл жағдайларды егжей – тегжей түсіндіріп, асыл дініміздің құндылықтарын бұрмаламауға, дұрыс ұғынуға шақырды.
ҚМДБ-ның Жезқазған өңірі
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.11.2013
3916
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру