Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қарамағындағылардың білімі мен біліктілігін арттыруға ерекше көңіл аударып, ел арасындағы түрлі ағымдарға тойтарыс берудің жалғыз жолын сауаттылықты көтеруден іздеп жүргенін алға қойған бағыт-бағдарларынан айқын байқатып отыр.
Осыған орай ең алдымен мешіт имамдарының сауаттылығын арттыруға байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, көптеген тапсырмалар беруде. Бас мүфтидің осы тапсырмасына байланысты ОҚО, Төлеби ауданының бас имамы Б.Қалдаров қарамағындағы 22 ауыл имамдарының біліктілігін жетілдіру мақсатында 3 айлық курс ұйымдастырды. Курста Құран Кәрім мен фиһққа ерекше көңіл аударылмақ. Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан «Нұр» мешітінің найб имамы, білікті маман Саурбаев Үсен, ал фиһқтан Елтай ауылы «Елтай» мешітінің имамы Қыдырбаев Ермахан жүргізетін болады. Дәріске қатысушы имамдар осындай курстың ашылғанына ерекше ықылас танытып отыр. Имамдар осында алған тәжірибелерін халықтың арасында қолданып, тіпті бұл іс-шара алдағы уақытта ауыл-ауылдардағы білімге деген талпынысы бар қауымға да ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
ОҚО, Төлеби ауданы
«Нұр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2013
3502
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру