Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ислам және жастар» конференциясы өтті

05.11.2013 4600 0 пікір

2013 жылдың 05 қараша күні Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрында ҚМДБ – ның Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Жалпы және жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен «Ислам және Жастар» атты ғылыми  конференция өтті. Конференция мақсаты – жаңа діни ағымдарының идеялық бағытын және қазіргі заманғы Қазақстанның рухани, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына олардың тигізетін әсерін анықтау, жастар ортасына діни радикализм, экстремизм және лаңкестік идеяларының енуін алдын-алу және ескерту, этноконфессиялық толеранттылықты нығайту, сонымен қатар жастарды дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарымен сусындатып, түрлі келеңсіздіктер орын алып жатқан заманда еліміздің келешегі бүгінгі жас буынды теріс жолдардан сақтандырып, отансүйгіштікке, имандылыққа бағыттау болып табылады.

Конференция жұмысына ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Бас имамы Исенов Нариман Ермекұлы, Облыстық ішкі саясат басқармасының «Ертіс медиа холдинг» анализ бөлімінің бас маманы Күлжибаев Серік Қабыкенұлы,  Облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахымжанов Ержан Мэлсұлы, С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеу аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тышқанова Нұржамал Сағадатқызы және облыс, қала, аудан имамдары, С.Торайғыров атындағы ПМУ және ПМПИ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, студенттер,  «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облыстық филиалының мүшелері, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының Павлодар облысы филиалының мүшелері, конфессионалдық саясаттың мәселелері құзыретінде бар мемлекеттік мекемелердің, басқа да  үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен мүшелері  қатысты.

Конференция  жастардың діни сауаттылығын арттыру қажеттілігімен қатар олардың дін саласындағы болып жатқан қазіргі заманғы тенденциялар мен мәселелерден жан-жақты хабардар етуге, пікір алмасуға, осы арқылы ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі Ислам діні, оның ішінде ханафи бағытын насихаттауға бағытталған өзекті мәселелер бойынша «Ислам жақсылықтың жаршысы», «Жастар және уақыт құндылығы»,   «Дін және ұлттық мүдде», «Жастарды түрлі ағымдардан сақтандыру»,  «Исламның жастарға беретін рухани-моральдық тәлім тәрбиесі»,  «Қазақ дәстүрлері діни экстремизмнің алдын алудың идеологиялық негізі»,   «Ислам діні білімінің жетілуіне жастар саясатының ықпалы»  тақырыптарында  жасалынған баяндамалар тыңдалып талқыланды.

Конференция соңында  қатысушы студенттерден қонақтарға әртүрлі мәселеде сұрақтар қойылып тұщымды жауаптар алынды.

 Талқыланған өзекті мәселелерге орай конференцияның қатысушылары  облыс жастарына  арнап ҮНДЕУ жариялады.

Алдағы уақыттарда деструктивтік сипаттағы жаңа діни ағымдарының мәнін объективті түрде түсіндіру, сонымен қатар діни-экстремистік ағымдарының идеологиясын дәлелді түрде сынау, ұлттық менталитетімізге сіңісіп, дәстүр мен салтқа негізделіп қалыптасқан Исламды насихаттау мақсатында конференцияларды, тренингтерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді Екібастұз, Ақсу қалаларында және барлық аудандарда ұйымдастыру көзделіп отыр.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру