Жұманың қадір – қасиеті жайлы Қасиетті Құран Кәрімде Аллаһ Тағала «Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар, және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы»
(Жұма 9) –деп жұма күнінің барша мұсылмандарға парыз екенін айтқан.
Қасиетті жұма 1-ші қараша күні Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы орталық мешітіне түскі сағат 12.00-ден жамағат жинала бастады. Алғашында қасиетті Құран аяттары оқылған соң, Жезқазған аймағына Мысыр мемлекетінің Әл-Азхар университетінен арнайы келген қонағымыз шейх, доктор Хамдулла Мұхаммед ұстазды өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы мұсылман қауымына таныстырды. Мешітке лық толы жамағатқа шейх Хамдулла ұстаз араб тілінде жұмалық уағыз-насихатын бастады. Өкіл имам жиналған жамағатқа аударып, толық түсіндіріп отырды. Мұсылмандардың бірі-біріне деген бауырмалдылығы, өзара татуластығы жайында сөз қозғады. Біреудің айыбын жарияламай, жасыруға дініміз үндейтінін жеткізді.Уағыз барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі мазһаб ұстанудың маңыздылығы, дін ғалымдарының белгілі бір ортаға барғанда сол жердің діни ұстанымдарына бой ұсынатындығы жайында нақтылап түсіндірді. Қоғам өзін- өзі дұрыс жолға бастамайынша, Алла оны дұрыстамайды деген Құран аяттарын негізге ала отырып, әлемдегі келеңсіз жағдайларды нақты дәлел ретінде мысалға келтірді. Осындай бейбітшілікті бағалап, Аллаға шүкірішілік білдіріп, жамағаттың ауызбіршілігін сақтауға шақырды.
Ақшам намазынан соң қадірлі қонағымыз тартымды уағыз – насихатын жалғастырды. Жезқазған аймағының өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек айтылған уағыздарды қазақ тіліне аударма жасап, түсіндіріп берді. Уағыз барысында жиналған жамағатқа «Ғайбат» айтудың қандай үлкен күнә екендігі туралы айтылды. Сонымен қатар білім жолында белгілі бір ұстазға бойұсынып, ілім жеткізу сатысы(шынжыры) Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.у.) дейін үзілмей жету керектігін ескертті. Арасында белгілі бір жетіспеушілтер болса, алған ілімінің толқ болмайтындығы жайында егжей-тегжей түсіндіріп берді. Жамағат тарапынан Ислам дініндегі шынайы жолдан ауытқыған кейбір ғалымдардың ақидасы жайында қойылған сұрақ - сауалдарына қанағаттанарлық жауаптар қайтарды.
Жезқазған аймақтық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.11.2013
3663
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру