«Қарасай баба» мешiтi
Қордай ауданы Қарасай батыр аулында орналасқан. Ауыл тұр-ғындары өз қаражаттарымен 1992 жылы салдырған, 50 адамға арналған. Құлшылық үйіне қарасты жалпы жер көлемi 1500 шаршы метр. Ғимараттың ауданы 155,2 шаршы метр. Намаз бөлмесi 13 шаршы метр. Әйелдердiң намаз оқитын бөлмесi 15 шаршы метр. Іргетасы цемент, шатыры темiрмен жабылған. Биiктiгi 4 метр, алдыңғы екi бұрышында биiктiгi 6 метр болатын 2 мұнара тұрғызылған. Күмбезi кiреберiс дәлiздің төбесiне орналасқан. Ағаштан жасалған 6 терезе, 3 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3