Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ысқақ пірадар» мешіті (Суреттер)

«Ысқақ пірадар» мешіті

 Сарысу ауданы Жайылма аулында 2006 жылы салынған. 60 адамға арналған. Жерінің жалпы аумағы 131,76 шаршы метр. Ғимараттың аумағы 120 шаршы метр. Биіктігі 5 метр. Үш бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен залының көлемі 60,3 шаршы метр, әйелдердің намаз бөлмесінің ауданы 20,8, имам бөлмесі 14, дәліздің аумағы 8 шаршы метр. Қабырғасы силикат кірпіштен өрнектеліп қаланған, төбесі бетонмен жабылған, едені ағаш, терезелері пластик. Еденге жайнамаз төселген. Дауыс күшейткіш орнатылған. Электр жарығымен жабдықталған, жылу жүйесі жүргізілмеген. Қыста арнайы сатып алынған электр тендерімен жылытылады. Имам бөлмесі үстел орындықтармен жабдықталған. Төрт бұрышында биіктігі 2,5 метр шағын төрт мұнара орналасқан. Күмбезінің биіктігі 2,5 метр. Жеті терезесі, бір есігі бар. Есігі оңтүстікке қаратылған. Ғимараттың күншығыс жағында жапсарлас бастырма арқылы соғылған қосымша қора-жай мен сарай бар. Ауласына құдық қазылып, шарбақпен қоршалып, ағаштар мен гүлдер егілген.

Алла үйін қазақ халқының талантты перзенттерінің бірі, мәдениет қайраткері, өнеріміздің жарық жұлдызы, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Асанәлі Әшімов салдырған. 

 

Осы облыстағы мешіттер