Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әбу Бәкiр» мешiтi (Суреттер)

«Әбу Бәкiр» мешiтi

 Қаратау қаласы Кеңес аулында орналасқан. 2008 жылы оны Сайлау Нұрпейiсов өз қаражатына салдырған. 85 адамға арналған. Жерінің жалпы аумағы 3395, ғимараттың көлемi 224 шаршы метр. Намаз оқитын үлкен 1 бөлмесi бар. Іргетасы тас, қабырғасы күйдiрiлген қызыл кiрпiштен қаланып, төбесi бетон плиталармен жабылған. Биiктiгi 4 метр. Ғимараттың алдыңғы жағында биiктiгi 13 метрлік 1 мұнара тұрғызылған. Күмбезi намаз бөлмесінiң төбесiне орнатылған. Биiктiгi 2,5 метр. Күмбезінде 4 терезе қойылған. 4 терезе мен 3 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған. Күншығыс жағына 3 бөлмелi хатымхана орналасқан.

Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.

 

Осы облыстағы мешіттер