«Еңбек» мешiтi
Қордай ауданы Қордай ауылында бой көтерген. Құдай үйін сол ауылда туып-өскен Құрманғали Уәли 2007 жылы салдырған. 80 адамға арналған. Жерінiң жалпы аумағы 1575, ғимараттың ауданы 99 шаршы метр. 3 бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен бөлмесі 76,5 шаршы метр, кеңсесі 12,5 шаршы метр. Іргетасы цемент, төбесi бетон, шатыры темiр қаңылтырмен жабылған. Қабырғасы қызыл кiрпiштен қаланған. Биiктiгi 4 метр, алдыңғы бiр бұрышына 7 метрлiк 1 мұнара тұрғызылған. Күмбезi ортасында орналасқан, биiктiгi 2 метр. Пластиктен жасалған 8 терезе, 2 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3