«Қордай» мешiтi
Қордай ауданы Қордай аулында орналасқан. Халықаралық жастар қоғамының президентi Саид Саюми және аудан әкiмшiлiгi 2005 жылы салдырған. 800 адамға арналған. Жерінің аумағы 13206 шаршы метр. Намаз оқитын үлкен залы 324, дәлiзi 12 шаршы метр. Іргетасы бетон, қабырғасы күйдірілген кiрпiштен қаланып, шатыры профнастилмен жабылған. Ғимараттың биiктiгi 5, алдыңғы сол жағына биiктiгi 11 метрлік мұнара тұрғызылған. Биiктiгi 9 метр күмбезi мешiттiң ортасында. Ағаштан жасалған 15 терезе, 2 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған. Аулада дәрісхана мен кеңсесі бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3