«Тастөбе» мешiтi
Жамбыл ауданы Тастөбе ауылында Арқабек Қырықбаев өз қаражатына 2007 жылы салдырған. Жерінің аумағы 0,6 га. Ғимаратының ұзындығы 25, енi 14 метр. Биiктiгi 11,8 метр, қабырғасының биiктiгi 5,8 метр. Намаз залының ұзындығы 24,2, енi 11,4 метр. Араб, ағылшын тiлiн үйрететiн курс жұмыс істейді, компьютер қойылған, асханасы, кiтапхана, имамның жеке бөлмесi, спорт алаңы бар. Түрлi гүлдер егiлiп, ағаштар отырғызылған.
Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі мен облыс әкімі Б. Жексенбин қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата беріп, А. Қырықбаевқа алғыс айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3