«Тұрғани» мешiтi
Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылының қайырымдылық қорының көмегiмен 1991 жылы салынған. 500 адамға арналған. Ғимараттың ауданы 231 шаршы метр. Биiктiгi 8 метр. Намаз оқитын залының алаңы 180, дәлізі 2,2 шаршы метр, бұдан басқа көлемi 5,8 шаршы метрден 6 бөлме бар. Залдың ортасына үлкен күмбез тұрғызылған. Әкiмшiлiк-тұрмыстық шараларды шешу үшiн 4 бөлме берiлген, олардың әрқайсысының көлемi 3,5 шаршы метрден. Дәлiздегi қабырғалары декоративтi кiрпiштермен әшекейленген. Аулада 120 түп алма ағашы отырғызылған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3