«Рақыш ата» мешiтi
Шу ауданы Көктөбе ауылында ірге тепкен. 2009 жылы ауыл азаматы Жұмагелдi Аманқұлов өз қаражатына салдырған. 200 адамға арналған. Ғимараттың көлемi 214 шаршы метр. Қабырғасының биiктiгi 6 метр, төрт бұрышында 7 метрлiк әдемi төрт мұнара, алдында биiктiгi 9 метрлік 2 мұнара тұрғызылған. Кіреберісінің сол жағына имам бөлмесi орналасқан. 2-ші қабатта әйелдердің намаз оқитын бөлмесі, сол жағында неке қиятын бөлме бар. Қабырғалары қызыл кiрпiштен қаланған, шатыры қаңылтырмен жабылып, қазiргi заман талабына сай безендiрiлген, ауласы көгалдандырылған. Ғимараттың оң жағында балалар дiни бiлiм алатын дәрісхана орналасқан, ол компьютермен жабдықталған. Сол жағында 90 адам сиятын құдайы тамақ, ас беру үшiн арнайы жабдықталған асханасы бар.
Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3