«Оспанәлi» мешiтi
Шу ауданы Абай ауылында бой көтерген. Оны осында туып-өскен Рәшкүл Оспанәлиева өз қаражатына 2007 жылы салдырған. 250 адамға арналған. Іргетасы бетон, қабырғасы силикат кiрпiштен қаланып, шатыры шифермен жабылған. Биiктiгi 3,8 метр. Ғимараттың алдыңғы бұрышына биiктiгi жерден 14 метрлік екi мұнара тұрғызылған. Күмбезiнің биiктiгi 3 метр. Пластиктен жасалған 6 терезе мен 1 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған. Жанында дәрісханасы бар.
Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3