«Оразәлі ата» мешiтi
Шу ауданы Оразәлі батыр аулында орналасқан. Оны Қырғыз республикасының азаматы Құрманбеков Нұрлан өз қаражатына 2005 жылы салғызған. 100 адамға арналған. Жерінің аумағы 150,5, ғимараттың көлемi 83,8 шаршы метр. 2 бөлмеден тұрады. Имам бөлмесi 11,1, әйелдердiң намаз бөлмесi 7,1 шаршы метр. Іргетасы бетон, қабырғасы қызыл кiрпiштен қаланған, шатыры шифер. Биiктiгi 2,1 метр. Мұнарасыз. Күмбезiнің биiктiгi 3 метр. 4 терезе мен 1 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3