Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Төле би» мешiтi (Суреттер)

«Төле би» мешiтi

 Шу ауданы Төле би аулында бой көтерген. Ғибадатхана аудан тұрғындарының жәрдемiмен 1998 жылы салынған. 500 адамға арналған. Іргетасы цемент, төбесi бетон плиталармен жабылған. Қабырғасы силикат кiрпiштен қаланған. Ғимаратқа ағаштан жасалған 6 терезе мен 2 есiк орнатылған. Оның биiктiгi 3,8 метр. Ғимараттың алдыңғы бұрышында биiктiгi жерден 9 метр екi мұнара тұрғызылған. Күмбезiнiң биiктiгi 3 метр. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған, мешіт жанында имамға және діни сауат ашуға арналған дәрісхана орналасқан.

Осы облыстағы мешіттер