Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Тұнғатар» мешiтi (Суреттер)

«Тұнғатар» мешiтi

 Талас ауданы Аққұм аулында орналасқан. Алла үйін 1997 жылы сонда туып-өскен Арқабек және Бейсенбек Төлебайұлы өз қаржысына салдырған. 300 адамға арналған. Ғимарат 4 бөлмеден тұрады. Намаз оқитын бөлме 84, әйелдердiң намаз бөлмесi 76,8, балалар дәрiс алатын бөлме 38,3, имам бөлмесi 37,4 шаршы метр. Іргетасы цемент, қабырғасы силикат кiрпiштен қаланып, төбесi бетон плитамен жабылған. Биiктiгi 4 метр. Ғимараттың сол жақ жағында биiктiгi жерден 13 метрлік бiр мұнара тұрғызылған. Күмбезi намаз бөлмесінiң шаңырағында. Биiктiгi 2 метр. 22 терезе мен 4 есiк орнатылған. Құлшылық үйінің алдыңғы екi бұрышының төбесiнде 2 шағын күмбез бар. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер