Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қойшыбай» мешiтi (Суреттер)

«Қойшыбай» мешiтi

Талас ауданы Ойық аулында орналасқан. Алла үйін 2003 жылы осы ауылдың азаматы Ақынбек және Аманбек Бектаевтар өз қаражатына салдырған. 150 адамға арналған. Жерінiң жалпы аумағы 1815, ғимараттың көлемi 360 шаршы метр. Мешiт 3 бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен бөлмесі 85, әйелдердің намаз бөлмесі 26,4, имамның бөлмесi 24 шаршы метр. Мешiттiң iргетасы тастан қаланған, төбесi бетон плиталармен жабылған. Қабырғасы күйдiрiлген қызыл кiрпiштен өрілген. Биiктiгi 4 метр. Алдыңғы екi бұрышында биiктiгi  8 метрлік екi мұнара тұрғызылған. Күмбезi дәлiздiң үстiнде орналасқан. Биiктiгi 2,50 метр. Үш күмбезi мешiттiң намаз бөлмесiнiң төбесiнде. Биiктiгi 1,50 метр. 7 терезесі мен 3 есiгі ағаштан жасалған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер