«Мұзаппар ата» мешiтi
Талас ауданы Талапты ауылында ірге тепкен. Оны 2007 жылы осында туып-өскен Исағали Жүнiсов өз қаражатына салдырған. 100 адамға арналған. Жерінің жалпы аумағы 2640, ғимараттың көлемi 121 шаршы метр. 3 бөлмелі: намаз оқитын залдан, әйелдердiң намаз оқитын бөлмесінен және имамның бөлмесiнен тұрады. Іргетасы тастан, қабырғасы қызыл кiрпiштен қаланып, төбесi бетон плитамен жабылған. Биiктiгi 4,5 метр. Ғимараттың алдыңғы екi бұрышына биiктiгi жерден 6 метрлік 2 мұнара тұрғызылған. Күмбезi мешiттiң намаз оқитын үлкен бөлмесiнiң төбесiнде. Биiктiгi 5 метр. 8 терезе мен 3 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалып, жанына дәрісхана орналасқан.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3