«Д.А.Қонаев» мешiтi
Талас ауданы Тамабек аулында салынған. Оны 2008 жылы осы ауылда туып-өскен Берден Байқошқаров өз қаржысына салдырған. 350 адамға арналған. Жерінің аумағы 1650, ғимараттың ауданы 215 шаршы метр. 3 бөлмеден тұрады. Намаз оқитын бөлме 100, имамның бөлмесi 28, әйелдер намаз оқитын бөлме 87 шаршы метр. Іргетасы бетон, қабырғасы күйдiрiлген сары кiрпiштен қаланып, шатыры темiрден жабылған. Биiктiгi 3,50 метр. Алла үйінің алдыңғы екi бұрышында және артқы бұрышында биiктiгi жерден 8 метр болатын 3 мұнара тұрғызылған. Күмбезi намаз оқитын үлкен бөлменiң үстiнде орналасқан. Биiктiгi 2,7 метр. 8 терезе мен 6 есiк қойылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3