Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Байтоқты баба» мешiтi (Суреттер)

«Байтоқты баба» мешiтi

Талас ауданы С.Шәкіров аулында орналасқан. 2007 жылы осы ауылда туып-өскен қайраткер, үлкен жүректі азамат, дін жанашыры Кеңесхан Ахаев өз қаражатына салдырған. 200 адамға арналған. Жерінiң жалпы ауданы 2580, ғимараттың көлемi 288, намаз бөлмесі 210, балаларға дәріс беретін бөлме 35 шаршы метр. Іргетасы цемент, қабырғасы қызыл кiрпiштен қаланып, шатыры қаңылтыр темiрмен жабылған. Биіктiгi 5 метр. Екi жақ бұрышында биiктiгi 11 метрлік болатын 2 мұнара, күмбезi намаз оқитын залдың үстiнде орналасқан. Биiктiгi 4 метр. Күншығыс жақ екi бұрышында 3 метрлiк екi шағын күмбезi бар. 9 терезе мен 2 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған.

Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді. Сондай-ақ бұл мерекеге сенатор Өмірбек Байгелді де қатысты.

 

Осы облыстағы мешіттер